Жаңалықтар

Құрылысшыларды құттықтады

Конституция күні қарсаңында құрылыс саласының еңбек сіңірген қызметкерлеріне мерейтойлық медальдар мен алғыс хаттар табыс етілді. Бұл туралы Алтай Көлгінов өзінің instagram парақшасында жазды.

«Бүгін Қазақстан Құрылысшылар одағының өкілдерімен кездесу өтті. Құрылыс жұмыстарының сапасын жақсартып қана қоймай, мерзімін қысқартуға мүмкіндік беретін бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, нысандарды жобалау мен салуға рұқсат беру құжаттамасын дайындау мерзімдерін қысқарту, процесті автоматтандыру және құжаттарды әзірлеудің неғұрлым ашық процесін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
ҚР Құрылысшылар одағы тұрғын үй құрылысы кезінде тұрақ орындарының санын азайту бөлігінде нормативтердің өзгеруін қарастыруды ұсынды, өйткені тұрақ орындарының көп болуы тұрғын үйдің қымбаттауына алып келеді. Мәселені жүйелі деңгейде қарастырамыз.
Құрылысшылардың ерен еңбегінің арқасында қала өсіп, дамып келеді. Биыл қолжетімді тұрғын үй көлемі үш есе, салынған мектептер саны екі есе артты. Сонымен бірге жолдар, аулалар мен тынымбақтар, ірі спорт ғимараттары, балабақшалар, медициналық орталықтар салынып жатыр. Қала мен халық үшін маңыз­ды басқа да бірқатар нысандардың құрылысы қолға алынды. Өзара жауапкершілік те болуы керек. Компаниялар құрылысқа кіріскен кезде сапалы құрылыс жүргізіп, міндеттемелерін толық көлемде орындауы қажет. Өз тарапымыздан көмек пен қолдау көрсетеміз.
Осындай кездесулер мен онлайн-кеңестерді тұрақты негізде: медициналық мекемелердің бас дәрігерлерімен, оқу орындарының директорларымен, кәсіпкерлермен, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдерімен және т. б. өткіземіз» деп жазды А.Көлгінов.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button