Жаңалықтар

Құжаттағы түзету талапқа сай

Қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Жиында «2016-2020 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы туралы» 2015 жылдың 11 желтоқсанында қабылданған шешімге өзгеріс енгізу қарастырылды. Бұл тұрғыда Стратегиялық және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Расул Оразғұлов өзінің баяндамасында Қазақстан Республикасын дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарын іске асыру мақсатында ағымдағы жылы Үкімет қабылданған негізгі ұлттық индикаторлар стратегиялық картасына енген 38 индикатордың 19-ы бо­йынша Астана қаласы әкімдігінің құзырында екенін атап өтті.
«Әрбір индикатор тиісті министр­ліктермен және комитеттермен ке­лі­сілді. Сондай-ақ қаланың 2019-2021 жылдарға арналған бюджет жобасы бағдарламаның негізгі басымдықтарымен өзара байланыстырылып, алға қойылған мақсатқа қол жеткізуге бағдарланған. Бұдан басқа, биылғы мемлекеттік органдардың трансформациясына байланысты индикаторларға қол жеткізу үшін жауапты басқармалардың атаулары түзетілді. Оны түзеткен кезде заңнамамен белгіленген барлық талаптар сақталды» деді баяндамашы.
Оның айтуынша, «Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салу және қайта жаңарту» индикаторы негізінде Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылынан «Есіл–Нұра» арнасына дейінгі учаскедегі №31 көшені салу жобасы бойынша индикатор базалық тізбеге және бас­қа бағдарламалық құжаттарға кір­мегендіктен, министрліктің келісуін­сіз түзетіледі екен.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button