Жаңалықтар

Стартаптар байқауы

«Астана Innovations» ұйымы инновациялық қызметті қолдауға арналған дөңгелек үстел өткізді.

Аталмыш мекеменің инновациялық жүйені дамыту орталығы басшысы Нұрсұлтан Қалдыбаев инновациялық жүйенің мектеп оқушысы­нан бастап отандық бизнес өкілдеріне дейінгі барлық қатысушылары қандай мемлекеттік қолдауға ие болатыны туралы айтты. Сонымен қатар, спикер инновациялық экономика құру бұл компанияның басты ұстанымы екендігін алға тартты.
– Инновациялық экожүйе құру бағытында Астана әкімдігінің қолдауы­мен «Astana Innovations Challenge» атты стартаптар байқауын өткізуді дәстүрге айналдырдық. Бұған дейін 10 конкурс ұйымдастырдық. Іс-шараның ауқымы еліміз бойынша 3 мыңнан аса адамды қамтыды. Жо­ба­ларды бағалау үшін әлем­­­нің 12 елінің халықаралық ұйым­дарынан 145-тен астам сарапшы келді, – деді Н.Қалдыбаев.
Сондай-ақ жиын барысын­да тиісті мемлекеттік бағ­дарламалар бойынша ин­новациялық белсенділікті арттыруға бағытталған ұсы­­ныстар мен практикалық кеңестер те талқыланды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button