Мәдениет

Ретрокөліктер көрмесі өтті

Нұр-Сұлтан қаласында ретроавтомобильдер мен әскери техника макеттерінің көрмесі болып өтті. Оны ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты Әскери-техникалық мектептердің құрылған күніне орай ҚР ҚК Мемлекеттік әскери-тарихи музейі ұйымдастырды.

[smartslider3 slider=2982]

Ашық аспан астындағы алаңда өткен ғасырдың ортасында шығарылған әскери техника мен көліктердің 20 шақты үлгісі қойылды. Сонымен қатар, келушілер «Жас қанат» әскери-техникалық үйірмесінде дәріс алып жүрген жасөспірімдердің қолынан шыққан түрлі әскери ұшақтар мен техникалардың үлігілерін тамашалады.

Құрылғанына 22 жыл толып отырған Әскери-техникалық мектеп елімізде тиісті әскери дайындықтан өткен резервті жасақтау ісіне орасан зор үлес қосып келеді. Бүгінгі таңда Қазақстанның барлық аймағында аталған мектептің 15 филиалы бар. Олардың материалдық-техникалық базасын нығайту жолында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Оқу үрдісінде заманауи әдістер мен технологияларды қолданатын педагогтардың жоғары кәсіби құрамы жастарды әскерге сапалы даярлауға ықпал етеді. Осы уақыт аралығында Әскери-техникалық мектептердің филиалдары 76 мыңнан астам маман дайын­дап шығарған.

Мектеп филиалдарында «B, C, C1» санатындағы әскери жүргізушілерді, МТЛБ механик-жүргізушілерін және радиотелеграфис­терді дайындайды. Уақыт талаптарын ескере отырып, әскери-техникалық мамандықтар тізбесі де жаңарып, толыға түспек.

2013 жылдан бастап «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 12-бабына сәйкес азаматтарда 40 жұмыс күні ішінде өтеулі негізде әскери-есептік мамандық алу мүмкіндігі пайда болды. Бұл оқу орындарда әскерге шақыруды кейінге қалдырылған, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды немесе шектеулі жарамды 24 жастан 27 жасқа дейінгі азаматтар оқи алады.

Ә.СМАЙЫЛОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button