Мәдениет

Рухани қазына байқауы

Биылғы Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің III республикалық «Рухани қазына – 2020» байқауы онлайн форматта ұйымдастырылды.

Үшінші мәрте өтіп отырған байқауға әр өңірдегі музейлер, кітапханалар, мәдениет үйлері мен ауылдық клуб қызметкерлері қатысуда. Өңірлердегі іріктеу кезеңі 14 қыркүйекке дейін өтіп, үздік шыққандар республикалық кезеңге жолдама алған болатын. Әр сала бойынша іріктеу жұмыс­тарын бағалау тікелей эфирде көрсетілді. Мысалы, кітапхана саласы бойынша Ұлттық академиялық кітапханасының, музей саласы бойынша Ұлттық музейдің, ал мәдениет ұйымдарының үздіктерін анықтау «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының Facebook парақшаларында тікелей эфирде өтті.
Республикалық кезеңге қатысу үшін еліміздің 17 өңірінен 180-нен астам өтінім келіп түсті. Соның ішінде кітапхана саласы бойынша – 80 өтінім, музей ісі бойынша – 42 өтінім, мәдениет үйлері, клубтар саласы бойынша 60 өтінім болды.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 7 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында эпидемиологиялық жағдайды ескеріп, онлайн форматта немесе карантин талаптарын сақтай отырып тек қана жүлдегерлердің қатысуымен ҚР Ұлттық музейінде өтеді деп жоспарлануда. Марапаттау рәсімі Мәдениет және спорт министрлігінің Youtube, Facebook ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button