Мәдениет

Шежіреге толы мекен

Музей ашылғалы бері келушілер саны 3 жарым миллионға жетті. Бұл туралы Ұлттық музейдің экскурсия жұмыстары бөлімінің әдіскері Айгүл Рахтаева мәлімдеді.

 

«Ұлттық музейде сонау көне дәуірлерден бастап бүгінге дейінгі ұлтқа қатысты құнды мұралардың көбі жинақталған. Олардың алдыңғы легі археологиялық қазба жұмыстары кезіндегі мұралар болса, одан кейінгі Қазақ хандығы дәуірінің жәдігерлері, Кеңес үкіметі тұсындағы экспонаттар, тәуелсіздік жылдарындағы тарихи маңызы ерекше құжаттарға дейін бар.

Ресейдегі Эрмитаж, Третьяков галерея­сы, Франциядағы Лувр, Нидерландтағы Рейксмузеум, Кореяның Ұлттық музейі, АҚШ-тағы Метрополитен, Франциядағы Шығыс өнерлерінің ұлттық музейі – Гиме музейі сынды әлемнің даңқты музейлерімен ұқсастықтар келтіргенде, біз таяу арада әлемнің ең ірі мәдени ошақтарының арасынан лайықты орын алуға мүмкіндік беретін өзіміздің «қазақстандық жолды» таңдап, музейіміздің құндылықтарымен мақтана аламыз» дейді А.Рахтаева.

Маман осы жылдың жұмысын қорытындылады. Оның айтуынша, биыл музейді көруге келгендер саны 200 мыңға жуықтап, ал жүргізілген экскурсия саны 1200-ге жетіпті. «Жалпы Нұр-Сұлтан қаласында өткен іс-шараларға қатысушылар, бұқаралық ақпарат құралдары, шетелдік меймандар, туристер, біріншіден, Ұлттық музейді тамашалайды. Экскурсия бірнеше тілде: қазақ, орыс, ағылшын, түрік және қытай тілдерінде жүргізіледі» деді А.Рахтаева.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button