Жаңалықтар

Шілденің аптабынан сақтаныңыз!

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ауа температурасының жоғарылауына байланысты сақтық шараларын қолдануға кеңес береді.

Жаздың аптабында күн өтіп, адам денсаулығы кенеттен нашарлауы мүмкін. Осындай кезде ең
бастысы ағзадағы су-тұз теңгері­мін бақылап, сақтану керек. Оның тепе-теңдігін сақтау үшін минералды тұздар мен витаминдерге бай жеміс-жидекті жеген жөн.
Қатты ыстықта бас киімсіз ­жүр­­меңіз, түрлі жаттығу­лар жасап, спортпен шұғыл­дану­ды азайт­қан жөн. Ап­тапта шы­жыған күннің астында қақталмай, көлеңкені тасалап, тым болмаса сулы сүлгімен жиі сүртінген жақсы.
Жүрек-қан тамырлары ауруы­мен ауыратын адамдар осындай ыстықта дәрігерлердің нұсқауларын сақтауы тиіс. Уақытында тиісті дәрі-дәрмекті ішіп, артерия­лық гипертониямен ауыратындар әрдайым артериалды қысымды өлшеп, мөлшерін біліп отыр­ған жөн.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button