Мәдениет

Шығармашылық шуағы

Кеше Астана қаласының Білім басқармасы мен №1 Балалар музыка мектебінің ұйымдас­тыруымен ерекше білім беру қажеттіліктері бар жас музыканттардың ІІІ қалалық «Шуақ» вокалды-аспаптық байқауы өтті.

Байқаудың мақсат-міндеті – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың вокалды-аспаптық орындау­шылыққа қызығушылығын дамыту, шығармашылық әлеуетін ашу, ерекше қажеттіліктері бар балалар арасында вокалдық және аспаптық өнерді танымал ету және насихаттау, бала­лардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруына және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау.

Жеке орындаушылар ­арасында байқау кіші, орта, жоғары топтарға бөлінді. Атап айтқанда, 7-9 жас, 10-11 жас, 12-13 жас, 14-15 жас. Әр орындаушы бір шығармадан орындады.

Байқауға №2 арнайы мектеп басшысы, оқу орталығының сараптамалық комиссия мүшесі, педагог-зерттеуші Құралай Қожамқұлова, №1 арнайы мектебінің ­музыка пәні мұғалімі, педагог-­сарапшы Айман Ибраева, №3 арнайы мектебінің музыка пәні мұғалімі, педагог-­модератор Сәтжол Канибал қазылық етті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button