Елорда тынысы

Аналарға – «Алтын алқа»

Астана қаласының Сарыарқа ауданындағы 35 алтын құрсақты ана алтын және күміс алқа иесі атанды.

Аудан әкімі Бауыржан Ералы көпбалалы аналарды арнайы шақырып, мемлекеттік төсбелгіні табыс етті.

– Аналар тек өз отбасында ғана емес, қоғамда да алатын орны ерекше. Себебі келер ұрпақтың саналы тәрбие алуын қамтамасыз ететін тұлға ол – ана. Ардақты, аяулы аналар қашан да құрметке лайық. Еліміздің демографиясына қосқан үлестеріңізге алғысымды білдіремін! – деді аудан басшысы.

«Күміс алқа» алқасымен алты баланы, «Алтын алқа» орденімен жеті және одан да көп баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеген аналар марапатталды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button