Басты ақпаратЕлорда тынысы

Шырша шамы жарқырайды

Елордада жаңа жылдық шырша шамы жағылды. ЕХРО көрме орталығында бой көтерген шырша мерекесіне Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қатыс­ты. Аяз ата мен Ақшақар астаналықтар мен қала қонақтарын қызықты думанға шақырды.

Жарқыраған шырша жанында «Ғажайыптар түні» атты ертегі мұз шоуы қойылымы өтті. Осыдан үш күн бұрын басталған мұз мүсіндері байқауының жеңімпаздары марапатталды. Эстрада жұлдыздары да ән шырқады.

Сонымен қатар Astana Muz Fest 2022 ауқымды қысқы фестивалі ашылды. Бұл фестиваль 25 желтоқсанға дейін жалғасады. Фестиваль аясында мерекелік концерттер, аттракциондар, азық-түлік пен кәдесыйлар сатылатын жаңа жылдық жәрмеңке, балаларға арналған аниматорлар, би жарыстары, шеберлік сыныптары, коньки тебу және сырғанау ұйымдастырылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button