Қала тіршілігі

SMART- МЕДИЦИНАНЫҢ СОНЫ МҮМКІНДІКТЕРІ

5JzVQQYR0yk

Астанада «Smart-медицина: тәуелсіз зертхана денсаулық сақтау жүйесінің қатысушыларын біріктіруші жүйе. Ынтымақтасудың жаңа мүмкіндіктері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оны ұйымдастырушы – «INVITRO» тәуелсіз зертханасы. Бұл сараптамалық орталық Ресей, Украина, Белоруссия елдерінде үлкен сұранысқа ие болып, зертханалық диагностика нарығында көшбасшылардың қатарында.

Конференцияға еліміздің жетекші дәрігерлері, бірқатар компаниялардың зертханалық диагностика саласында еңбек етіп жүрген мамандары, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері қатысты. Ғылыми-тәжірибелік конференцияда клиницистерге зертханалық диагностика саласындағы соңғы жетістіктерді, заманауи клиникалық зерттеулердің ерекшеліктері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, Қазақстанда өз жұмысын 2013 жылы бастаған компанияның технологиялық кешенінің ашылуына орай ұйымдастырылған шара барысында «Дәрігердің жеке кабинеті» деп аталатын инновациялық қызмет Қазақстан дәрігерлерінің назарына ұсынылды. Бұл қызмет зертханалық зерттеулерді онлайн тағайындауға, талдама нәтижелерін алуға, науқастың қандай да бір көрсеткіштеріндегі өзгерістерді бағалап, емделу барысын бақылап, қажет болған жағдайда түзетулерді енгізуге мүмкіндік береді.

Дәрігердің жеке кабинетінде ұсынылған мүмкіндіктерге бірінші болып Алматы және Астана қалаларының 30 дәрігері өз бағасын беретін болады. Екі апта бойы олар тестілік жағдайда осы қызметті пайдаланып, өз пікірлерін білдіреді. Тиісті мерзімнің соңында әр маман жүйеге өз бағасын береді. Олардың пікірін негізге ала отырып, Қазақстанда «Дәрігердің жеке кабинетін» одан әрі енгізу жөнінде шешім қабылданбақшы.

 

Гүлнәр ЖҰПАРБЕК,

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button