Мәдениет

Тарихымызды түгендейтін төрт томдық

Елордадағы Әскери-тарихи музейде белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаевтың «Казахское общество – истоки и история» атты орыс тілінде жарық көрген төрт томдығының таныс­тырылымы өтті.

Тарихшы биылғы жазда бұйыртса, алпыс жастың асқарына шығады. Өзінің айтуынша, бұл еңбек – талай жылғы ғылыми шығармашылығының нәтижесі. Мәселен, төрт томдықтың ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамының тыныс-тіршілігін баяндайтын кітабы – кандидаттық диссертациясының толықтырылған нұсқасы. Осының ішіндегі көшпенділер өмірін, ХV-ХVІІІ ғасырлардағы империядан ұлттық мемлекетке ауысу кезеңдерін сипаттайтын, соның ішінде ғалымның пайымынша, рыцарлық дәуірден сыр шертетін өзге де кітаптары да көп жылғы ізденістерінен туған. Бұл еңбектердің арасына докторлық диссертациясы да енгізілген.
«Казахское общество в ХV-ХVІІІ веках: от империи к национальному государству», «Казахское общество в ХVІІІ веке: эпоха рыцарства», «Казахское общество в ХІХ веке: традиции и инновации» және «Кочевники Евразии: в калейдоскопе веков и тысячелетий» атауларын алған төрт томдық қазақ қоғамының әртүрлі кезеңдерінен сыр тартады. Кітаптар ғылыми ортаға да, студенттер мен қарапайым оқырмандарға қызық деректерді ұсынады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button