Қала мен Сала

Тегін кеңестер берді

Астана қаласындағы №1 қалалық ауруханада Дүниежүзілік бронхиалды астмамен күрес күніне орайластырылған ашық есік күні ұйымдастырылды.

Елорданың емдеу мекемелерінде үш жылдан бері өткізіліп келе жатқан шара барысында астаналық пульмонологтар мен аллергологтар айтулы аурумен сырқаттанатын пациенттерге, сондай-ақ бронхиалды астмаға шалдықтым деп ойлайтын адамдарға тегін кеңестер берді. Жыл сайын демікпемен ауыратын қала тұрғындары дәрігерлерден ауру мен оны емдеу жолдары туралы қажетті ақпарат алады.
– Бұл шара арқылы халықтың барлық топтарын қамтуға тырысамыз, біздің басты міндетіміз – аурудың алдын алу. Кейбір пациенттерде бронхиалды астма емес, аллергиялық ауру немесе демікпеге ауысатын астма кездеседі. Сондықтан профилактика жүргізу керек. Мұнымен қоса, шара барысында науқастарға аталған ауруға шалдыққанда өзін-өзі қалай ұстану керегі туралы ақпарат беріледі. Негізінен, дәрігерге уақытылы жүгініп, барлық кеңестерді сақтаған жағдайда, астманы реттеуге болады, – деді Астана қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Ақмарал Құрманбаева.
Кешегі өткен шара барысында 80 жуық адам консультациялар мен жолдамалар алды. Дәрігерлер бронхиалды астманың қазіргі заманғы диагнос­тикасы және емдеу әдістері жайлы айтып берді. Мамандар кеңес алуға келушілерді аурудың алдын алу үшін бірінші кезекте дене шынықтырумен айналысуға, салауатты өмір салтын ұстануға және дұрыс тамақтануға шақырды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button