Әлеумет

Тегін оқып, кәсіп меңгер

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Астанада Joltap жобасы іске асырылып жатыр. Бұл елорда тұрғындарына өз табысын арттыруға мүмкіндік береді. Оның қатысушылары мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңес ала алады, оқудан өтіп, өзіне лайықты жұмыс таба алады.

Жобаның жетекшісі, Астана әкімінің кеңесшісі Дана Жүнісова Joltap-тың негізгі мақсаттары туралы пікір білдірді.

– Бұл жобаға елорда әкімдігі бастамашылық етті және оны іске асыру үшін оның барлық құрылымдары, сондай-ақ жобаның бірлескен операторы болған «Жаңа мүмкіндік» қоғамдық қоры жұмылдырылды. Joltap-тың негізгі мақсаты – халыққа қолдау шаралары бойынша кеңес беру. Жұмысқа орналасу және тұрақты табыс табу алдында практикалық дағдыларды тегін оқытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ өз ісін ашу арқылы кірісті арттыру мүмкіндіктерін таңдауға көмектесу. Бұл жобада өңірлерден келген жұмыссыздарға, NEET санатындағы жастарға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетуге ерекше назар аударылады. Жалпы, жоба тиімді экожүйе болып саналады, онда әрбір адам өзіне мүмкіндіктер таба алады, – деді жоба жетекшісі.

Joltap жобасына қатысушылар 14 мамандық бойынша тегін оқытылады, 52 мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес береді, атаулы әлеуметтік көмек алуға және бизнес ашу үшін өтінім беруге жәрдемдеседі.

Жоба жетекшісінің айтуынша, жобаның бірінші кезеңінде елордада адамдар көп жиналатын орындарда 10 «Баршаға мүмкіндік» модульдік пункті орнатылып, іске қосылды. Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап 9 мыңнан астам қала тұрғыны осы модульдік пункттерде кеңес алды, үш мың адам әкімдік басқармаларына мемлекеттік қолдау шараларын алуға өтінім берді.

Екінші кезеңде қысқа мерзімді оқытудың екі бағдарламасы ұйымдастырылды. Жұмыс мамандықтары бойынша (бариста, сатушы-кассир, қоғамдық тамақтандырудың әмбебап қызметкері, тігінші, сәнгер-конструктор, электр газбен дәнекерлеуші) және цифрлық дағдылар (таргет, SMM, бейнемонтаж, маркетплейстер, мобилография, графикалық дизайн, веб-дизайн, негізгі цифрлық дағдылар).

Тікелей модульдік пункттерде кеңесшілер жұмыс істейді, олар адамдармен кездеседі, олармен танысады және барлық қызметтер бойынша кеңес береді (мемлекеттік қолдау шаралары, оқуға немесе жұмысқа жіберіледі). Осыдан кейін өтініш берушілермен бірге жүреді және олармен байланыста болады.

– Оқыту барлық қажетті заттармен жабдықталған жекелеген оқу сыныптарында жүргізіледі. Оқытушылар қолданбалы тәжірибесі бар бірқатар тәжірибешілерден таңдалды. Мысалы, «Бариста» курсы 15 жылдық тәжірибесі бар бірнеше ірі кофеханалар желісінің қазіргі баристасын, «тігінші» курсын Еуразиялық Дизайнерлер одағының құрамына кіретін қазіргі тігінші, ал «сатушы-кассир» курсын елдегі ең ірі супермаркеттер желісінің практик-мұғалімдері оқытады. «Электрогазбен дәнекерлеуші» курсы бойынша Unobtanium оқу орталығымен ынтымақтастық жолға қойыл­ған, ол 10 жылдан астам жұмыс барысында 100 мыңнан астам қызметкерді оқытқан, – деді Дана Жүнісова.

Кеше, яғни 8 сәуірде жоба аясында Астанада «Бухгалтерлік есеп негіздері» атты жаңа оқыту курсы басталды. Бір күнде курс­тан өтуге ниет білдірушілерден 300 өтінім жиналды.

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап 2 мың адам оқытылды, жыл соңына дейін 10 мың тұрғынды қамту жоспарланып отыр.

Елордада «Баршаға мүмкіндік» модульдік пункттері ашылған болатын. Олар келесі мекенжайларда орналасқан:

   «Жастар» сарайы, Республика даңғылы, 34

   «Ailand» ОДО, Қорғалжын тасжолы, 2

   «Встреча» СҮ, Абылай хан даңғылы, 31

   «Азия парк» СОО, Қабанбай батыр даңғылы, 21

   «Тұлпар» СО, Ш.Уәлиханов көшесі, 24

   «Euromall» СҮ, Қосшығұлұлы көшесі, 23

   «Mechta» СҮ, Сығанақ көшесі, 3

   «Рахмет» СҮ, Тілендиев даңғылы, 15

   ЕМО, Бейбітшілік көшесі, 9

   «Рахмет» СҮ, Момышұлы даңғылы, 10

   «Жанұя», Бейбітшілік көшесі, 14.

Елорда тұрғындары осы мекенжайларда орналасқан «Баршаға мүмкіндік» модульдік пункттерінде ұсынылатын барлық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы тегін оқып, жаңа кәсіпті меңгере алады

Тағыда

Гүлбаршын Өкешқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button