Жаңалықтар

Тиімді әріптестікті талқылады

Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев пен Чэнду қаласының ҚКП қалалық комитетінің хатшысы Фань Жуйпиннің кездесуі болып өтті.

Чэнду – Қытайдағы 9 ірі қаланың бірі, оның халқы 20 млн адам. Ол өзінің тарихымен, мәдениетімен, көптеген көрме, жәрмеңкесімен аты шыққан. Сол себепті де жоғары мәртебелі мейман Астананың
«ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу тәжірибесі мен елорданың құрылыс саласындағы тәжірибесімен танысқысы келетінін айтты.
Ал қала әкімінің орынбасары әріптестік үшін перспективалы бағыт ретінде туризм, мәдениет, білім оның ішінде кадр алмасуды атады.
«Астана қаласы әкімдігі туристік саланы дамыту үшін үлкен бағдарлама дайындап жатыр. Астананың барлық жобасы «Бір белдеу – бір жол»
жобасымен тығыз байланыста. Біз үшін әлемнің басқа мегаполис­те­рімен достық қарым-қатынаста болудың маңызы зор, оның ішінде ҚХР қалалары да бар. Сіздердің сапарыңыз барысында біз де иық тіресіп ары қарай сіздермен бірге жұмыс жасаймыз деген үміттеміз» деп сөзін түйіндеді елорда әкімінің орынбасары.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button