Қала мен Сала

Тұмаудың алдын алған жөн

Елордада балалар арасында жұқпалы аурулар азаймай тұр. Бүгінгі таңда ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың 79-ға жуық жағдайы тіркелді. Оның ішінде 6 науқас жан сақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының инфекционист дәрігері Динагүл Баешова мәлімдеді.

Жедел респираторлық вирустық инфекциялардың әсіресе қыс мезгілінде көп таралатыны белгілі. Қазіргі уақытта жұқпалы аурулардың, соның ішінде тұмаудың маусымы басылмай тұр.

– ЖРВИ вирустың 200-ден астам түрінен  туындайды, кейбір жағдайларда қоздырғыштардың бірнеше түрі бір уақытта өршуі мүмкін. Оның қатарына тұмау және COVID-19 сынды әртүрлі инфекциялар жатады, сондай-ақ суық тиіп, тұмауға ұқсас белгілермен жеңіл өтуі мүмкін немесе ауыр түрдегі жедел респираторлық инфекция ретінде де кездесуі мүмкін. Суық тиюден туындайтын инфекция әдетте мұрын жолдарының жабылуымен байланысты ЖРВИ-дың жеңіл түрі болуы мүмкін. Ол дене температурасының жоғарылауы, қалтырау, жалпы әлсіздік, бас ауруымен және жедел ринит, жедел фарингит, жедел тонзиллит, жедел ларинготрахеит және жедел бронхит түрінде көрінуі мүмкін, – деді Д.Баешова.

Инфекционист дәрігердің айтуынша, сырқаттың алғашқы ерте белгілері тез өршиді.

– Көп жағдайда респираторлық вирустық инфекциялар жеңіл ауру түрінде жүреді және өздігінен өтеді, өйткені иммундық жүйе ағзаны вирустан өздігінен тазартады. Вирустық респираторлық инфекциялар созылмалы аурулардың өршуіне әкелуі мүмкін, – деді Д.Баешова.

Баспасөз мәслихаты кезінде маман жұқпалы аурулардан қалайша сақтануға болатыны туралы да түсініктеме берді.

– Кішкентай балалардың, әсіресе 6 айдан 5 жасқа дейінгі сәбилердің 2-5%-да 38 °C  дене қызуы пайда болуы мүмкін. Жалпы, ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу үшін қарапайым шараларды сақтау керек. Адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық кеңістіктерге баруды шектеу, үй мен кеңсені үнемі желдету; қолды таза ұстау үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық майлықтарды қолдану керек. Науқас адамдармен байланысты шектеудің де маңызы зор. Тұмау және ЖРВИ белгілері пайда болған кезде балаларды үйде қалдырып, балабақшаға, мектепке жібермеген жөн. Ең бастысы, ауру белгілерін байқасаңыз, уақтылы медициналық көмекке жүгіну қажет, – деді инфекционист дәрігер.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button