Қала мен СалаҚала тіршілігі

Тұрғын үйді басқарудың тиімді тетігі

Нұр-Сұлтан қаласында 400-ден аса меншік иесі бірлестігі тіркелді. Осылайша елордалық пәтер иелері кооперативінен заң жүзінде бас тартты. Мүлік иелері бірлестігі тұрғын үй кешендерінде құрылып жатыр. Оған көршілерінің 60 пайыз дауысын жинаған сол үй тұрғындарының бірі төрағалық етеді.

[smartslider3 slider=188]

– Заң талабына сай тұрғын үйді басқарудың екі формасы бекітілген.  Мүлік иелері бірлестігі соның  біріне жатады. Сондай-ақ заңды тұлға құрмай жай ғана серіктестікке де бірігуге де болады. Пәтер иелері басқару формасын өз ыңғайына қарай таңдай алады. Мүлік иелері бірлестігінің ең басты артықшылығы – олардың есептілігі мен ашықтығында. Тұрғындар үшін шығындар мен сметалар үнемі қолжетімді. Оған қоса мүлік иелері бірлестігінің төрағасы бір жылға ғана сайланады. Оны қайта сайлауға да болады.
Тұрғын үй төңірегінде жүргізілетін әрбір жұмыс пәтер иелерімен келісіледі. Көптеген бірлестіктер цифрлы қосымшаларды пайдалана бастады. Бұл қосымша арқылы тұрғындар «бұлтты» бухгалтерлік есеп-қисапты онлайн режимде бақылап, жасалған төлемдер туралы толық ақпарат алу мүмкіндігіне ие.
Тұрғындар мүлік иелері бірлестігі өз міндетін орындай алмаса, төрағаны қайта сайлауда мәселе туындап жатса, қала әкімдігінің Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына шағымдана алады. Бұл жағдайда да тиісті тексерулер жүргізіліп, мәселе анықталады, – дейді Нұр-Сұлтан қаласының Мүлік иелері бірлестігі орталығының директоры Гүлвира Әбетова.
 
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button