Қала мен СалаҚала тіршілігі

Саябақта скейт-парк ашылады

«Ататүрік» саябағындағы скейт-парктің құрылысы аяқталуға жақын. Жыл санап елордада спорт пен демалысты үйлестіргісі келетіндерге арналған мұндай орындардың саны артып келеді. Бұған дейін дәл осындай скейт-парк Сарыарқа ауданындағы «Атырау» көпірі маңынан ашылған еді.

[smartslider3 slider=189]

 
Спорттың экстремалды түріне жаны құмар жастар жаңа скейт-паркте түрлі акробатикалық әрекеттерді орындап, велосипедте, скейт­бордта, самокатта әртүрлі жаттығуларды орындай алады.
Қоғамдық кеңістердің желісін ұлғайту арқылы оларды жастардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған орын ретінде жасақтауға баса мән берілуде. Мұнда скейтборд сынды спорттың ерекше түріне қызығатын жастар да назарда тыс қалмайды. Келесі жылы елордада үлкен скейт-парк салынады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button