ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Тұрғындар нені хабарлауға міндетті?

Елорданың қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы «Рұқсат құжаттары және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаларды жіберудің міндетті екенін еске салады. Мұндай хабарламаны пәтерге күрделі жөндеу жүргізген, өз баспанасының аумағын қайта жоспарлаған тұрғындар да ұсынуға міндетті.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарлау үшін өтініш берушілер e.license.kz Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталына кіруі қажет. Бұдан әрі «Құрылыс» санатын, «Хабарлама жасау тәртібі» бөлімін таңдайды. Келесі кезекте «Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама» сілтемесі бойынша өтіңіз. Хабарламаны беру үшін ашылған бетте көрсетілген қажетті құжаттарды қоса тапсыру қажет.
Келіп түскен хабарлама 3 жұмыс күні ішінде қаралады. Теріс жауап берілген жағдайда, өтініш білдірген тұлғаның жеке кабинетіне ескерту келіп түседі, онда көрсетілген кемшіліктерді түзетіп, портал арқылы қайта хабарлама жіберуге болады.
Егер 3 жұмыс күні ішінде сәйкессіздік туралы теріс жауап келіп түспесе, хабарламаның қабылданғаны туралы талонды жүктеп алуға болады.
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 5-тармағына сәйкес хабарламамен бірге берілуі тиіс құжаттар мыналар:
– жерге тиісті құқық беру туралы шешім немесе «Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) берген шешім;
– сараптама жүргізу міндетті болған жағдайда, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы сараптамасының оң қорытындысы. Сондай-ақ «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес хабарламаны қабылдау кезінде өтініш берушінің нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды сақтауын тексеру де басқарманың құзыретіне жатады, атап айтқанда
– хабарламаның барлық тармақтарын дұрыс толтыру;
– «Аккредиттелген сараптама ұйымдарының тізілімінде» сараптама ұйымының болуы (егер сараптаманы жеке ұйым жүргізген жағдайда) және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-10-бабының талаптарын сақтау;
– «Техникалық қадағалау және техникалық зерттеп-қарау жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың тізілімінде» техникалық қадағалау жөніндегі ұйымның болуы, сондай-ақ объектіні бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызған жағдайда осы ұйымның біліктілік талаптарына сәйкестігі Заңның 34-1-бабының талаптарына сәйкес келеді;
– техникалық және авторлық қадағалау сарапшылары аттестаттарының түпнұсқалығы. Бұл ретте, Заңның 34-бабына сәйкес, жобаны әзірлеуші авторлық қадағалауды дербес жүзеге асыруға немесе авторлық қадағалау жөніндегі қызмет көрсетітін жеке немесе заңды тұлғаны таңдау үшін авторлық қадағалау аттестаты бар сарапшыға жүгінуге құқылы екенін атап өту қажет. Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын сарапшы немесе тапсырыс беруші мемлекеттік мекемеге жобаны әзірлеушінің тиісті хатын қоса беруі қажет. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабына сәйкес, хабарламада және (немесе) хабарламаға қоса берілетін құжаттарда қамтылған мәліметтердің шынайылығы үшін өтініш беруші жауапты болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button