Қоғам

Тұрғындардың мұқтаждығы талқыланды

Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаттығынан үміткер Талғат Мамықанов жексенбі күні «Есіктен есікке дейін» акциясының аясында Бейбітшілік көшесінің тұрғындарына үгіт-насихат жүргізді.

Аталған шара барысында көпшілікке Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Кездесу пікірлесу форматында жүргізілді. Сондай-ақ тұрғындар үміткерге өздерін толғандырып жүрген көптеген сұрақтар қойып, оның толыққанды жауабына қанықты. Сауалдар қоғамдық өмірдің әртүрлі қырларын қамтыды: халықтың қаржылық-материалдық хал-­ахуалы, медицина және білім беру саласы қызметкерлері жалақысының төмендігі, екінші деңгейлі банктердің несиелік пайыздарының жоғарылығы, несиелерді кешіру, спортты дамыту, мектептер мен балабақшаларда орындардың жоқтығы, медицина саласында нақтылы маманданым қызметкерлерінің тапшылығы, жұмыс орнының жетіспеушілігі және т.б. Кейбір мәселелер бойынша сауал қоюшыларға егжей-тегжейлі жауап беріліп, нақты жайттар тереңірек талқыланды. Қалай дегенде де кездесу екі жаққа да тиімді болды.
– Әлеуметтік сала қыз­меткерлерінің жалақысы көңіл көншітерліктей емес екені рас. Бірақ мемлекет осы олқылықтарды жою бағытында жұмыс істеп жатыр. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап білім саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, келер жылдың басынан бастап барлық медицина қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңмен өсіріле береді, – деді Талғат Мамықанов.
Екінші деңгейлі банк­тер несиелерінің пайыздық мөлшерлемелерінің жоғарғылығы туралы сауалға да нақтылы жауап берілді: мемлекет халықтың несиелік жүктемелерін азайту үшін түрлі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда.
Сондай-ақ көпшілікті толғантқан спорт тақырыбы да сөз болды. Мемлекет балалар мен жастар арасында бұқаралық спортты дамытуға қажетті қаржыны бөліп отыр. Ол үшін кәсіби клубтарды қарастырылған қаражат ішінара екшеліп, үнемделген ақша әуес­қойлар спортына жұмсалды.
Балабақшалар мен мек­тептерде орындардың жетіспеу­шілігін жою бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылып жатыр. Бұл жерде басты мәселе – қала халқы санының жедел өсіп келе жатқандығында және ішкі көші-қон процесінің қарқындылығында. Бюджеттен балабақшаларға демеуқаржы бөлінеді, осы қаржының бір бөлігі бақшаларға баратын балақандардың төлеміне жұмсалады.
Талғат Мамықановтың айтуынша, медицина саласында кейбір тар шеңберлі мамандық иелерінің тапшылығы сезілетіні рас, дегенмен жақын болашақта осы жетіспеушіліктің алдын алу үшін олардың жалақысы көтеріліп, маманданымдар бойынша үстемақы берілетін болды. 2021 жылы нақтылы медициналық маманданымдарға оқыту үшін қала әкімінің 200 грантын таға­йындау жоспарланған.
– Халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту, өмір сүру сапасын арттыру мақсатында олардың тұрғылықты жерлерін абаттандырудың да маңызы зор. Осыған орай Бейбітшілік көшесі бойындағы үйлер мен аулалардың барлығы дерлік жаңаша жасақтандырылып, көпшілік бос кеңістіктерде балалар және спорт алаңдары жасалды, – дейді сөз соңында Талғат Мамықанов.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button