Экономика

ТҮРІКТЕРДЕН ТӘЛІМ АЛДЫ

Елбасының «Қазақстан жолы 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір бо­лашақ» атты халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауы ел дамуы­ның жаңа міндеттерін айқындап берді. Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және оны іске асыруды жалғастырудың қажеттігіне тоқталды.

Өздеріңізге белгілі, Қаржы полиция­сы академиясы 1999 жылдан бастап қаржы полициясы және кеден органдарына арнаулы мамандар даярлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және оны іске асыру мақсатында ака­демия бірқатар шараларды жүзеге асыруда. Мәселен, таяуда елордаға Түркия Ұлт­тық полиция­сы Бас штабының қыз­меткерлері келді. Бас штабтың Заңсыз табыстарға қарсы күрес бас­қармасы бастығының орынбасары Сейфулла Буджак пен бөлім бастығы Огузжан Мутлу жедел қыз­мет­керлердің біліктілігін арттыру курстарына қатысты. «Заңсыз жолмен алынған пайданы және оның ізін жасыруды тексеру» тақырыбында лекция ұйымдастырылып, тренингтер өткізілді.

Шара  барысында  жалған плас­тика­лық  карталарды  жасау  тәсіл­дері,  заңсыз жолмен алынған табысты ай­қындау, тәуекелділікті талдау, ақшаны жылыстатуды заңдастыру әдіс­тері, мемлекеттік сатып алу саласын­дағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарды ашу жолдары  қарастырылды.

Осы білім ордасында сондай-ақ, «Қа­­зақстан Республикасының ве­домс­тволық жоғары оқу орындарында заманауи кәсіби білім берудің өзекті мәселелері мен даму болашағы» тал­қыға түсті. Оқу үдерісін жетілдіру мақ­сатында қолға алынған біліктілікті арттыру курстарына профессорлық-оқытушылық құрам қатысты. Бас­қосуда білім берудің ғылыми-ұйым­дастырушылық мәселелері, тәрбие жұмыстарын жетілдіру, заң білімін заманауи кезеңінде модернизациялау мәселелері көтерілді.

Әйгерім АБЖАТОВА,

Қаржы полициясы академиясының бас маманы

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button