Қала тіршілігіМәдениет

«ҮРЕЙЛЕНУ» ЕЗУГЕ КҮЛКІ ҮЙІРЕДІ

teatr

1 шілдеде Астана тойына арналған «Сахнадан сәлем!» халықаралық театр фестивалі өз шымылдығын ашады. Күн сайын қалалық театр сахналарында Түркия, Ресей мен Қазақстан шығармашылық ұжымдарының спектакльдері қойылады. Бас қалаға барлығы тоғыз театр труппасы келеді.

Олардың ішіндегі ең айтулысы – Түркия мемлекеттік театрының «Мераки» (қазақ тіліне аударғанда – «Үрейлену») қойылымы. Бұл – өмірі үрейленіп жүріп, ақыры, түрлі күлкілі оқиғаларға тап болатын адам жайындағы әсерлі әрі жайдары комедия. Кейіпкер айналадағы бар нәрсеге алаңдайды, әр нәрсені білгісі келеді. Соңында бойын билеген қорқыныш пен сезімі оны тығырыққа тірейді.

Тағы айта кетерлігі, мереке күндері Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық-драма театры сахнасында Ж.Аймауытов атындағы Қазақ музыкалық-драма театры (Павлодар) – «Әпкенің әлегі», Маңғыстау қуыршақ театры – «Сдобная Лиза – настоящая кошка» қойылымымен, А.Иманбаеваның театрландырылған музыкалық орталығы (Алматы) «Медея» қойылымдарын ұсынады. Ал М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық Орыс драма театры сахнасында М.Горький атындағы мемлекеттік республикалық Орыс драма театры (Ресей, Дағыстан, Махачкала) – «Одолжите тенора!», Қостанай облыстық Орыс драма театры – «Ходят слухи», Ақмола облыстық орыс драма театры – «Эдит Пиаф», С.Қожамқұлов атындағы Қазақ музыкалық-драма театры (Жезқазған) «Әбілмансұр» спектакльдерін ұсынады. Оқушылар сарайындағы Жастар театры сахнасынан көрермен Түркия мемлекеттік театрының «Meraki», Ғ.Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театрының (Алматы) «Күшік күйеу» комедияларын тамашалай алады.

Халықаралық театр фестивалі аясында Астанаға барлығы 204 актер келеді. Олардың ойынын Әшірбек Сығай, өфелік Галина Вербицкая, Аманкелді Мұқан сияқты театр сыншылары бағалайды.

Мереке қарсаңында Астана театрлары бірқатар қойылымдардың тұсауын кеспек. Мәселен, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театры «Тіл табысқандар» комедиясын сахналайды. Қойылым авторы – қырғыз драматургы Мар Байжиев, режиссері – Болат Ұзақов. М.Горький атындағы Орыс драма театры израильдық Леон Агулянскийдің «Торғайдың ұясы» трагедиясын ұсынбақ. Қоюшы режиссері – Бекболат Парманов. Жастар театры сахнасында «Жер мен көктің арасы» қойылымы көрсетіледі.

Астана қаласы Қуыршақ театры «Мереке» қойылымын сахналайды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button