Басты ақпаратЖаңалықтар

ЗЕЙНЕТКЕР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕНІҢ ТҮЙІНІ ШЕШІЛДІ

аким Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов «Интернациональный» тұрғын алабында болды. Шаһар басшысы тұрғындармен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды  Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астана қаласының әкімі И.Н.Тасмағамбетовтың 2014 жылғы 19 ақпанда халықпен есептік кездесуі барысында «Интернациональный» тұрғын алабының тұрғыны, зейнеткер Қожантай Байкенов әкімге сауал жолдап, күрмеулі жайдың түйінін  шешуді сұраған болатын.

Мәселе мынада, тұрғынжайдан 50 метрден кем қашықтықта қазандық орналасқан, яғни, үй қазандықтың санитарлық-қорғау аймағында тұр. Қазіргі уақытта күл үйіндісіне қоршау орнату жұмыстары жүргізіліп, қазандықтағы ағымдағы жағдайды жақсарту жөніндегі ұсыныстар қарастырылды: су қыздыру қазандықтарын ауыстырылып, сұйық отын қолдану, сонымен қатар, барлық қазандықтарға келесі жылыту маусымына дейін шаңнан, газдан тазалау қондырғыларын (циклондар) орнату көзделген.

Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов тұрғын алабының тұрғындарын осындай маңызды оқиғамен құттықтады. Кездесу барысында тұрғындар қала басшысына жалпы және жеке тұрғыдағы түрлі сұрақтар қойды. Әр мәселені егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін шаралар қабылданады.

Бұдан басқа, «Интернациональный» тұрғын алабында «Ескендiр» ТК балалар аула клубы ашылды. Жалпы ауданы – 400 шаршы метр. Мекемеде күрес, теннис, би, тренажер залдары, электронды кітапхана және ардагерлер мен зейнеткерлерге арналған үстел ойындары (шахмат, дойбы) үшін жабдықталған демалыс бөлмесі бар.

Бүгінде елордалық аула клубтары ауданда тұратын балалар мен жасөспірімдер кездесетін орынға, демалыс пен шығармашылық идеяларын жүзеге асыру орнына айналды. Мәдени іс-шаралар өткізу, демалысты ұйымдастыру арқылы балалар мен жасөспірімдерді көшенің зиянды әсерінен сақтау үшін мүдделер бойынша клубтар құрылады. Олар әртүрлі спорт түрлеріне әуестеніп, демалысты өткізудің жаңаша қызықты түрімен танысады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button