Жаңалықтар

«Жағалау» құрылысына жан бітті

Елорда әкімі Алтай Көлгінов кеше таңертеңгі аралау кезінде қаладағы «Жағалау-4» және «Жағалау-3» тұрғын үй кешенінің құрылысына барды.Бірінші құрылыс нысаны 2013 жылы басталуы керек еді, алайда құрылыс жұмыстары тек осы жылы ғана қолға алынып отыр. Тұрғын үй кешені «Елорда құрылыс компаниясының» қатысуымен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынады. Мұндағы үлескерлердің саны – 262 адам. Қазір құрылыс салушының қолында барлық қажетті құжаттар бар. Үйді 2021 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.
Екінші нысан «Жағалау-3» тұрғын үй кешені болды. Мұнда үйді инженерлік желілерге қосу жұмыстары жүргізілуде. Электр, жылу және сумен жабдықтау, жөндеу жұмыстары аяқталу сатысында. Қала әкімімен кездесу барысында тұрғындар жұмыстар толық жүріп, үйдің көз алдында өзгеріп жатқанын атап өтті. Бұл тұрғын үй кешенінде 300-ден аса үлескер бар. Қалада барлығы 51 аяқталмаған нысан (76 үй) болды. Биыл қала әкімдігі 3 тұрғын үй кешенін (5 үй) пайдалануға беру бойынша жұмыстар жүргізді. Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 7 үй құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button