Жаңалықтар

Жаңа әліпби сайысы

Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен «Руханият» орталығы «MENİŃ TİLİM – ULY DALA RÝHY» ХХІ қалалық тіл фестивалі аясында «OI-ZEREK» интеллектуалды тіл сайысын өткізді.

Бес кезеңнен тұратын сайысқа мекемелер мен ұйымдардан құралған төрт топ өзара сынға түсті. «OI-ZEREK» интеллектуалды тіл сайысына филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы орфография басқармасының ғылыми қызметкері Назым Нұрғазықызы, белгілі блогер Аршат Ораз қазылық етті.
Сайыс нәтижесінде 1-орынды М.Жұмабаев атындағы «Алқа» әдеби бірлестігінің «Алқа» тобы қанжығасына байлады. «Интеллектуалды топ» аталымында «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС-нің «Саяхат» тобы, «Ұшқыр ой» аталымында «Астана жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Болашақ» тобы, «Білімді мыңды жығар» аталымында «Жас отан» жастар қанаты елордалық филиалының «Жастар микс» тобы жеңімпаз атанды.
«Бұл сайыстың басты мақсаты жас­тарға қазақ тілінің құндылықтарын дәріптей отырып, қазақша ойлауға, жазуға ықпал ету болды. Тіл тазалығы мен мәдениетін сақтауға үндедік. Сонымен қатар латын әліпбиін тез меңгеруге септік тигізу болды. Сайыс барысында мекеме қызметкерлерінің жаңа әліпбиге қызығушылығын байқадық» деді іс-шараның негізгі ұйымдастырушыларының бірі «Руханият» орталығының басшысы Ержан Еңсебай.

Жадыра МҰРАТБЕКОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button