Басты ақпаратЕлорда тынысы

Жаңа аудан – жаңа мүмкіндік

Астанада жаңадан құрылған Нұра ауданының шекарасы бекітілді. Жаңа аудан елорданың 19336 гектар жер ауқымын қамтыды. Нұра ауданының шекарасы: Есіл өзені бойымен қаланың батыс бөлігінде шығысқа қарай Қабанбай батыр даңғылына дейін, одан әрі Қабанбай батыр даңғылының тақ жағы және Қарқаралы тасжолының батыс жағымен қаланың оңтүстік шекарасына дейін жалғасады.

Жаңа ауданға Нұра атауын беру ұсынысы Астана қаласы ономастика комиссиясының отырысында, Астана қаласы мәслихатының қоғамдық тыңдауларында, Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысында және өзге де инстанцияларда қаралып, қолдау тапқан болатын.

«Аудан әкімі, аудан әкімдігі қызметкерлерінің штат саны, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері және басқа да ұйымдастыру жұмыстары қала мәслихатының жаңа құрамы құрылғаннан кейін айқындалатын болады» делінген Астана әкімдігінің мәліметінде.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button