ЖаңалықтарҚоғам

Жануарларды қорғауға жәрдемдеседі

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Брижит Бардо қорының өкілі Бриджит ОЛУАМЕН кездесу ұйымдастырды. Кездесуге жануарлардың құқықтарын қорғайтын жергілікті үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

[smartslider3 slider=426]

Брижит Олуа сапарының негізгі мақсаты ұсынылатын әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсарту үшін жануарларды қорғау жөніндегі үкіметтік емес ұйымдардың халықаралық ұйымдармен байланыс орнатуына жәрдемдесу болды. Қор өкілі жануарларды қорғауға бағытталған Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының грант алушыларының жұмысына оң баға берді және Қазақстан бүгінде жануарлардың құқықтарын қорғауға деген көзқарасты өзгертуге дайын екенін хабарлады.
«Брижит Бардо қорына Қазақстаннан жануарларға, атап айтқанда, иттер мен мысықтарға қатысты қатыгездік туралы көптеген сұраулар келіп түсетіндіктен, коронавирустық пандемияға дейін біз сіздің ел Президентіне шара қолдану туралы хат жаздық. Қасым-Жомарт Тоқаев Қор жұмысының маңыздылығын атап өтіп, оған жауап берді. Ол Қазақстанда жануарларға қатысты жағдай өзгеруі керек деген пікірмен толық келісетінін айтты. Бұл бағыттағы жұмыс басталып кетті деп айтуға болады» деді Б.Олуа.
Қор қазір Семейде ветеринарларды оқыту бағдарламасын жүзеге асыруда. Қазақстанның барлық аймақтарынан келген ветеринарлар зарарсыздандыруды үйретуге жіберіледі. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасы Лима Диас Birgemiz: Ayala жобасы аясында волонтерлерді шақыру, сондай-ақ оларды ветеринария, кинология және зоопсихология негіздеріне оқыту бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.
Соңынан тараптар әріптестіктің бірқатар әлеуетті бағыттарын белгілеп, жануарларды қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейтуге келісті.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button