Жаңалықтар

ЖӘРМЕҢКЕДЕ ЖҰМЫС КӨП

Астанада 21 маусым күні  Ш.Құдайбердіұлы даң­ғылы, 18 а мекенжайында орна­ласқан «Армада» сауда үйінде бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде 30-дан аса мекеме бос вакансияларын ұсынбақшы.

Жалпы, Астана қаласы әкімдігі Жұмыспен қамту орталығы биыл 12 бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастыруды жоспарлаған. Жыл басынан бері оның бесеуі өткізіліп, 175 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылған екен. Халықты еңбекпен қамтуға бағытталған алдағы шара сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін жалғасады.
Айта кетейік, Жұмыспен қамту орталығына биыл 5 748 адам бос жұмыс орнын іздеп келді. Оның 2 858-і жұмысқа тұрғызылды. 998 азамат қоғамдық жұмыстарға жіберіліп, 411-і кәсіби оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына бағытталды. «Жастар тәжірибесіне» 254 адам кіріскен болса, әлеуметтік жұмыстармен 100 адам қамтылды.

Мәдина ЖАҚЫП

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button