Қала мен Сала

Жәрмеңкеден жұмыс тапқандар

Елордадағы «Жастар» сарайында жұмыссыз азаматтар, пробация ­қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және алимент бойынша борышкерлер үшін жалпы қалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті

[smartslider3 slider=3803]

Азаматтарды бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мақсатында өткізілген бұл жолғы жәрмеңке жұмысына елорданың 54 жұмыс берушісі қатысып, онда 1300-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылды.

Жалпықалалық жәрмеңкеге 450-ге жуық жұмыс іздеуші қатысты.

Сондай-ақ, 9 жұмыс беруші, атап айтсақ «Астана-Теплотранзит» АҚ, «Green tal» ЖШС, «Мейрім-М» ЖШС, «Электровоз Құрастыру Зауыты» ЖШС, «Басқару Колледжі» ЖШС, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ МКК «Сервис және туризм колледжі», ШЖҚ МКК «Жоғары медициналық колледжі» пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 197-ден астам бос жұмыс орындарын ұсынды.

Жәрмеңке арқылы жұмыс табуға ниетті азаматтардың басым бөлігі еңбекке енді араласатын жас мамандар болса, кейбіреулері тұрмыстық жағдайға байланысты жұмыс орынын ауыстыруды көздейді.

– Өз басым биыл колледж бітіргенмін. Бірінші рет жұмыс іздеп жүрмін. Алғашқы кезде әртүрлі мемлекеттік емес мекемеде жұмыс істеп көрдім. Жалақысы жоғарылау болғанымен, онда жұмыстың тұрақсыз екеніне көзім жеткен соң, жәрмеңкеге келдім. Ыңғайлы әрі мамандығым бойынша жұмыс тапқаныма қуанып тұрмын. Алдағы уақытта осындай жәрмеңкелер жиі ұйымдастырылып тұрса, жұмысссыз жүрген жастар азаяр еді деп ойлаймын, – деді елордалық Айдос Мақсатұлы.

Жұмыс берушілер қатарында қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығы да болды. Осы орталық 5 бағыт бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды. Мәселен, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Нұр-Сұлтан қалалық филиалының өкілі елордадағы орталықтарға 50 адам жетіспейтінін атап өтті.

Бос орындар жәрмеңкесіне Нұр-Сұлтан қаласы Прокуратурасының, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының, Әділет департаментінің және Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері қатысты.

Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмыс берушілермен өзара байланыс жасау бөлімінің басшысы Бақыт Рақышеваның айтуынша, жыл соңына дейін әлі дәл осындай 8 бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырлады және 28 мың жаңа жұмыс орны құрылады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button