Мәдениет

Жас таланттар жарысы

Жуырда №2 өнер мектебінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астанадағы жалпы білім беру мектептері арасында IX қалалық «Асыл мұра» ұлттық өнер байқауы өтті.

Қазақ ұлттық өнер университетінің «Домбыра» кафедрасының оқытушысы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Орынбай Дүйсен қазылар алқасы жас таланттардың өнеріне баға берді. Байқауға 80 оқушы өтініш беріп, алдын ала іріктеуден өтті. Ал негізгі байқауға 42 оқушы қатысты.
Жеңімпаздар «Ұлттық аспапта орындаушылар», «Дәстүрлі ән» аталымдары бойынша анықталып, әр аталым кіші, орта, жоғарғы топтарға бөлінді.
Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы тілек-ұсыныстарын білдірді. Солардың бірі – әнші Тельман Нүркенов: «Ән үйрету кезінде барлық мектептерде қалыптасқан бір жаттанды репертуар қайталана берді. Ол тыңдаған адамды жалықтырып жібереді. Біздің ән мұрамызда ғажайып әндер бар. Сирек орындалатын, тіпті мүлде орындалмай жүрген әндер қаншама?! Жетекшілер ізденіп, балалардың диапазонына арнап репертуар жасаса, байқаудың бағасы одан сайын артар еді» деген жақсы ұсыныс айтты. Сонымен қатар қазылар алқасы байқауға қобыз, шертер, сазсырнай, т.б. ұлттық аспаптарда ойнайтын оқушылар көбірек қатысса, нұр үстіне нұр болар еді деген тілектерін жеткізді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button