Жаңалықтар

«Жастар синергиясы» – игілікті бастама

Болашақ – білімді жастардың қолында. Елордада өтіп жатқан «Жастар синергиясы» қысқы лагері тың жобалардың алаңына айналды.

Елордалық жастар www.jastarsynergy.kz сайтына тіркеліп, жаңа бастамаларын ұсынған. Ал жаңа жобалар «Жастардың әлеуметтік дамуы», «Жастар және бизнес», «Жастар, мәдениет және спорт», «Жұмыссыздықты азайту және кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізу», «Жастар ақпарат ағынында» секілді бірнеше бағыт бойынша іріктеліп алынған.
– Біз үшін жастардың әлеуметтік жобаларын жүзеге асыру ісіне қолдау көрсетуіміз маңызды. Іс-шараның ерекшелігі сол әрбір қатысушы арнайы шақырылған мамандармен өз идеялары туралы ақылдасып, қажет кеңес ала алады. Ниет білдіргендер көп болғанмен, 100 адамды ғана іріктеп алдық. Жастар белсенді болуы керек, – деді жиынның ашылуында сөз алған Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин.
Іс-шара барысында Enactus Kazakhstan ұйымының басшысы Альбина Ержанованың жетекшілігімен жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жайы қозғалды. Белгілі болғандай өскелең ұрпақтың бизнес жобалармен айналысуына, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелерді шешуге атсалысуына септігін тигізеді екен. Сол сияқты өзге де білімді жастардың қолға алған жобалары, жоспарлары жайында айтылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button