Рухани жаңғыру

Жастарға арналған «Жол картасы» әзірленуде

 

Асхат ОРАЛОВ,
ҚР Қоғамдық даму министрлігі
Жастар саясаты департаментінің директоры:

– Елбасы биылғы Жолдауында жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың негізгі бағытына айналуы тиістігін баса айтып, келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауы ел арасында бірден қолдау тапты. Бүгінде республикамыздың 17 аймағында да осы ұсынысқа қатысты дайындық қызу жүргізіліп жатыр. Айталық, министрліктер, орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы мекемелер және үкіметтік емес ұйымдар өзара бірлесіп, жастарға арналған «жол картасының» жоспарын әзірлеуде. Онда сапалы білімнің қолжетімді болуы, отбасы құндылықтары, салауатты өмір салтын насихаттау, мүмкіндігі шектеулі жастарды қолдау секілді өзекті тақырыптар аясындағы 100 жоба қамтылады.
Бұдан бөлек, Қоғамдық даму министрлігі жастармен жұмыстың төрт негізгі бағытына басымдық беруге тырысады. Біріншіден, жеткіншектердің отандық туризмге деген қызығушылығын арттыру көзделіп отыр. Сол мақсатта жоғары сынып оқушыларына арналған туристік бағдарламалар іске асырылады. Екіншіден, барлық оқу орындарында кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізуді қадағаламақпыз. Яғни оқушылардың жаста­йынан белгілі бір кәсіпке деген ынтасын оятуды мұрат тұттық. Үшіншіден, жастар кәсіпкерлігін дамытуға көңіл бөлінеді. Төртіншіден, жастардың әлеуметтануына жағдай жасау назарға алынбақ. Бұл тұрғыда жастардың волонтерлік, шығарма­шылық және еңбек қабілеттерін шыңдауға мүмкіндіктер беріледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button