Жаңалықтар

ЖЕКЕ КУӘЛІК АЛДЫ

Алматы ауданының әкімдігінде Қазақстан Республикасы Тәуел­сіз­дігінің 25 жылдығына орай кәмелет жасқа толған азаматтарға жеке куәлік тапсыру рәсімі өтті.

1392640366

– Жеке куәлік алу – адам өміріндегі ерекше сәттердің бірі. Бұл дегеніңіз – сіздер ба­ла­лық шақтан алыстап, үлкен өмірге қадам бастыңыздар деген сөз. Алдарыңызда үлкен асулар жатыр. Ең бас­тысы, дендеріңіз сау болып, елі­міздің гүлденуі жолында ең­бек етіңіздер. Мемлекеттің келешегі – білікті жастардың қолында. Сіздер «Қазақстан азаматы» деген атқа лайық болып, Отан алдындағы аза­маттық міндеттеріңізді адалымен атқарады деп сенеміз, – деді жастарға жеке куәлік тапсырған Алматы ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев.
Салтанатты шараға құрметті қонақ ретінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Владимир Редкокашин қатысты. Ол өз сөзінде жастардың қадамына ақ жол тілеп, ел намысын биік ұстауға шақырды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button