Мәдениет

Желаяқтар жарысы

Өткен жексенбіде елордада Nur-Sultan Half Marathon бірінші жартылай марафоны өтті. Жүгіру EXPO аумағынан басталды, онда Қазақстаннан және әлемнің 24 елінен келген 4 мың әуес­қой спортшы Нұр-Сұлтанның ең әдемі жерлерімен жүгірді.

[smartslider3 slider=3292]

 

Барлық қатысушыларды ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев пен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев қарсы алды. Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық «Жүрек орталығының» директоры Татьяна Иванова-Разумова мен жарыс директоры Салтанат Қазыбаева сөз сөйледі.

Марафон қорытындысы бойынша ерлер арасында 21 км-де Ринас Ахмадеев жеңімпаз атанды. Оның мәреге жету уақыты – 1 сағат 2 минут 54 секунд. Бұл – Nur-Sultan Half Marathon трассасының 21,1 км-дегі жаңа абсолютті рекорды.

Көшбасшылар абсолюттік есепте 21 шақырымға ақшалай жүлде қорын өзара бөлісті: бірінші орын – 450 мың теңгеден, екінші орын – 400 мың теңгеден, үшінші орын – 350 мың теңгеден. Жас санаты бойынша жеңімпаздар (10 км және 21,1 км) серіктестерден сыйлық алды.

Өз күшін сынау үшін Алматыдан келген жарыс финалисінің бірі Руслан Оглов жартылай марафонды ұйымдастыру және трассадан алған әсерімен бөлісті.

– Жүгірумен көптен бері айналысып келемін. Мен бұл трассаны таңдадым, өйткені ол – Алматымен салыстырғанда өте жеңіл, биіктігі өте төмен, рекордтар үшін дәл келетін жол. Бүгін мен 10 км қашықтықта жеке рекорд орнаттым, алдыңғы жеке рекордымды осыдан он жыл бұрын, Қазақстан чемпионы болған кезде орнаттым. Қазір мен әуесқоймын және жұмысты жаттығулармен үйлестіремін, бұл өте қиын. Бұдан да жақсы нәтиже көрсетуіме болар еді, бірақ ұйқымның қанбауы және толқығаным кедергі келтірді, – деп өз ойымен бөлісті спортшы.

Мәреге жеткен барлық желаяқты сахнада музыкалық топтардың орындауымен жеңімпаздарды марапаттау, сондай-ақ жартылай марафон серіктестерінің ұтыс ойынымен үлкен ­ойын-сауық бағдарламасы күтіп тұрды.

Астана халықаралық марафонында 75 жастағы Марат Балтабаев 21 шақырымды еңсеріп, озып келді. Ақсақал үшін бұл бірінші марафон емес. Жүгіру – оның хоббиі. «Жақсы жүгіріп шықтым, бірақ өте ыстық болды. Алматыда сәуір айында 1 сағат 49 минут, ал бүгін 1 сағат 50 минут жүгірдім. 21 шақырымды еңсердім» дейді ең қарт марафоншы.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button