Жаңалықтар

Жолақы – SMS арқылы

Қоғамдық кеңес Астана бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерінің кей­бір мәселелерін қарады.

«Астана LRT» ЖШС басшысы Бекмырза Игенбердинов сөз алып, қоғамдық көлікте жолақысын төлеудің сараланған тариф енгізілгеннен бері жұмыстың қорытындысына тоқталды. Бүгінде бір күндік ағым 637 мың жолаушыны құрайды. Көлік картасын қолданушылардың үлесі 91 пайызға жетіп, 72 мың адам жеңілдік көлік картасын пайдаланып жүр. Қала бойынша 6 арнайы касса, 30 терминал, 61 сауда нүктелерінде және 800 автобуста көлік картасын сатып алуға болады.
– Қоғамдық көлік пайдаланушының қолайлығы үшін электронды төлеудің қо­сымша сервистерін ендіру қажет, – деді Бекмырза Игенбердинов. Ол алдағы уақытта SMS не мобильді қосымша арқылы төлеудің қосымша тәсілдері енетінін айтты. Бұл үшін арнаулы қысқа нөмір іске қосылмақ.
Мобильді қосымша арқылы жолаушының таңдауы бойынша телефон балансынан, банк картасынан, сондай-ақ электронды ақшамен төлеуге болады. Мұның артықшылығы тек өзіңіз үшін ғана емес, басқа жолаушы үшін де төлеуге мүмкіндік береді. Аталмыш шаралар қала тұрғындары мен қонақтарының жолақысын қолма-қол ақшасыз төлеуге ынталандыруға бағытталған. Және қоғамдық көлік саласында қаражат айналымының ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
Бекмырза Игенбердиновтің айтуынша, сараланған тариф енгізуінің арқасында астаналық тасымалдаушылардың табысы көбейген. Жаңа тариф енгізілген алғашқы апталардың қорытындылары бойынша автопарк табысының 15 пайызы «көлеңкеден» шыққан. Тиімді әдісті жетілдіруге арналған шараларды Қоғамдық кеңестің мүшелері бірауыздан қолдады.

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button