Денсаулық

Жүкті әйелдердің жай-күйі талқыланды

Әйелдердің репродуктивті денсаулығы – соңғы уақытта әлем бойынша өзекті болып тұрған мәселелердің бірі. Бұл туралы отандық және шетелдік дәрігерлер Астанадағы №2 көппрофильді емханада өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференция барысында мәлімдеді.

«Көппрофильді стационар жағдайындағы экстрагенитальды пато­логиясы бар жүкті­лік» тақырыбында ұйым­­дас­тырылған бұл жиында мамандар өз тәжірибелерінде кездес­кен ауыр клиникалық ситуа­ция­-лармен бөлісті. Мә­се­лен, И.Мечников атын-дағы Санкт-Петербург Солтүстік-Батыс мемлекеттік медицина уни­верситетінің гас­тро­энтерология және дие­тология кафедрасының доценті, медици­на ғылымдарының докто­ры Оксана Щукина жүк­тілік пен ішектің созылмалы аурулары арасындағы байланыс туралы баяндама оқыды.
Аталған конференция бірінші рет өткенімен, медицина өкілдері ара­сында үлкен қызы­ғу­шылық туғызып үлгерді. №2 көппрофильді емхананың терапия бөлімі меңгерушісінің мінде­тін атқарушы Әйгерім Ибраеваның айтуынша, мұндай іс-шаралар дәрігерлердің инновациялық жобалармен уа­қытылы танысуына және олардың өзара тә­жірибе алмасуына зор мүмкіндік береді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button