Мәдениет

Жүз жылдық жылнама

«Қазмедиа» орталығында еліміздің бас басылымы «Egemen Qazaqstan» ­газетінің 100 жылдық мерейтойына орай салтанатты шара өтті. Салтанатты жиынға Парламент депутаттары, ресми тұлғалар, өңірлерден келген қонақтар, БАҚ өкілдері қатысты.Айтулы мерейтойға орай Елбасы Нұрсұлтан ­Назарбаевтың құттықтауын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев оқып берді. «Жаңалықты жұртшылыққа жедел әрі шынайы түрде жеткізіп, егемен еліміздің мемлекеттік саясатын қалың оқырман арасында байыпты насихаттап, ел шежіресін қағазға хаттаған байырғы басылымның беделі әрдайым биік» деп атап өтті құттықтауында Тұңғыш Президент. Сондай-ақ Президент Қ.Тоқаевтың да құттықтауы оқылды. «Қазақстанның шежіресі бас басылымның тарихымен қатар өрбіді. Тәуелсіздік таңы атқалы газеттің әр санында Елбасының барлық бастамалары мен шешімдері, мемлекеттік маңызы бар іс-шаралар баяндалды. Осы игі үрдіс жаңғырудың жаңа кезеңінде жалғасын тауып, егемендіктер тәуелсіздігіміздің баянды болуы жолында жемісті қызмет ете береді деп сенемін» деп лебізін білдірді Мемлекет басшысы. Қаллеки театры да­йын­даған «Жүз жыл және жалғыз сәт» деп аталатын театрландырылған қойылым көрсетіліп, ұлт қайраткерлері ел алдына шықты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button