Білім

Журналист боламын

Сәні мен салтанаты келіскен елорда бүгінде еліміздің әр түкпірінен арман қуып келген адамдардың арманы орындалуына шексіз мүмкіндік беретін – жерұйық.

2015 жылы алғаш Астанаға қыдырып келген кезде «Бәйтерек», «Хан Шатыр», «Ұлттық мұражай» сияқты заманауи соңғы үлгіде салынған әсем ғимараттарды көріп тамсамған едім. Астанаға бірден ғашық болдым!

Ол кезде ауылда апам мен атамның қолында тұрушы едім. «Балапан» арнасы – менің ең сүйікті арнам. Таңертең балалар бағдарламасымен оянып, кешке сол арнамен аяқтап, ұйықтаушы едім. Балапанның жүргізушілері сынды мен де арнада жұмыс істесем деп армандаушы едім.

Астанаға бір қыдырып келгенімде «Балапан» арнасының «Баламен бетпе-бет» бағдарламасына кастинг жарияланғанын біліп, әпкелерім соған апарды. Сөйтіп, «Балапан» арнасының жүргізушісі болсам деген арманыма бір табан жақындап, «Баламен бетпе-бет» бағдарламасына түстім. Қазмедиа орталығында теледидардан көретін жүргізушілерді көріп, ерекше әсер алдым.

Сол кезде Астана – нағыз армандар орындалатын қала екен деген ой келді. Түсірілім аяқталғаннан кейін, ауылға қайтатын уақыт таяп, үлкен қаламен қимай-қимай қоштасдым.

Астананың тұрғыны болу бар арманыма айналды. Бірақ менің ата-анам Астанаға емес, Алматыға көшіп, солармен бірге ердім.

Астанаға деген махаббатым күннен күнге үдей түспесе, бір кемімеді. Күнде ата-анама: «Астанаға көшейікші, «Балапан» арнасының жүргізушісі болғым келеді, өскенде журналист боламын!» деп айта беретінмін. Арада төрт жыл уақыт өтті. Осы аралықта нағашы әпкелерім Астанаға көшіп келді, сөйтіп, менің бала арманымның орындалуына сол кісілер себеп болды. 4-сыныпты бітіргеннен кейін 5-сыныпта арман жетегімен «әпкемнің қолында тұрамын» деп Астанаға көшіп келдім.

Сөйтіп, арманым ақиқатқа айналды. Арманымның орындалуына себеп болған әпкелеріме қарыздармын деп есептеймін. Қазір 9-сыныпта оқимын. Балапан арнасының жүргізушісі болсам деген арманым орындалмаса да,  Астана көптеген мүмкіндіктер сыйлады. Қазақстандық білім беру үрдісінде жаңа заман талабына сай салынған Вinom мектеп-гимназиясында білім алудамын. Майра Ілиясованың өнер мектебінде білім алдым.

Қаншама республикалық конкурсқа қатыстым. Осында жақсы ортаға, жақсы ұстаздарға жолықтым. Болашақта Қымбат Досжан, Гүлназ Әлімгерей, Дана Нұржігіт сияқты журналист, хабар жүргізушісі боламын.

Айкерім ЕРЛАН,

Ә.Бөкейханов атындағы Binom  мектеп-гимназиясының оқушысы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button