Жаңалықтар

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

Астана қаласы әкі­мінің арнайы тап­сырмасы бойынша әкімдік жанынан баспасөз орта­лығы ашылған болатын. Кеше осы орта­лықта Астана қала­сының Энергетика басқар­масы жылыту маусы­мына байланысты ал­ғашқы баспасөз мәс­лихатын өткізді.

1411372693_bankrot

Алдымен сөз алған Энергетика басқармасының басшысы Бақытбек Жапаев 1 қазаннан жылу беру бас­талатынын мәлімдеді.
– Бірінші кезекте қаланың әлеуметтік нысандарына жылу беріледі. Қазіргі уа­қытта денсаулық сақтау, білім және мәдениет нысандары жылыту маусымына 100 пайыз дайын. Энергия көздері, инженерлік желілер және тіршілікті қамтамасыз ету нысандарындағы тиісті жұмыстар уақытында аяқ­талған болатын. Бел­гіленген кестеден қалып қою жағдайы тіркелген жоқ. Елордада 2454 тұрғын үй қоры тіркеуге алынған болса, ондағы дайындық жұмыстары толық аяқталды десе болады, – деп мәлімдеді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, биыл «Астана-Теплотранзит» АҚ бағдарламаға сәйкес 1,150 шақырым магистральді желіге күрделі жөндеу жұмыстарын жүз пайыз орындап шыққан. Ал 3 698 шаршы метр құбырдың жылу оқшаулағыштары қайта жөнделген. Сондай-ақ «Астана-РЭК» АҚ-ы да өздері жасақтаған бағдарлама негізінде 3631 шақырым ұзындықты құрайтын әуе электр желісінің біраз бөлігін күрделі жөндеуден өткізген. Аудандық қазандықтарға 19 мың тонна көмір отыны қажет болса, соның 16 мың тоннасы қазірдің өзінде жасақталған екен. Негізінде, көмір жеткізу жұмыстары кестеге сәйкес қазан айынан басталады. Қаланы жылу­мен қамтитын ЖЭО-1 және ЖЭО-2-нің дайындығы да жүз пайыз көлемінде орындалған.
– Өздеріңіз білесіздер, жылу үш кезең бойынша беріледі. Бірінші кезеңде 1 қазаннан тиісті нысандар жылуға қосылады. Екінші кезеңде тұрғын үй қорына жылу берілуі тиіс. Ол ауа райына байланысты жүзеге асырылады. Ауа температурасы 10 градус жылылықтан төмендесе және ол бес күннен астам уақытқа жалғасса, тұрғын үйлерге де жылу беріле бастайды. Ал үшінші кезеңде заңды тұлғалардың нысандары қосылады, – деп түсіндірді баспасөз жиынына қатысқан «Астана-Теплотранзит» АҚ басқармасының төрағасы Василий Курисько.

Меңдолла НҰРЫМҰЛЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button