Басты ақпаратЖаңалықтарҚала тіршілігі

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАЛАЙ?

otopitelny_sezon

Астанада тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар жылыту маусымына әзірленіп жатыр. Қаладағы 2120 үйдің 1994-інде барлық жұмыстар аяқталды. Атап айтқанда, шатырларға жөндеу жүргізіліп, сумен және жылумен жабдықтау жүйесі ауыстырылды.Тұрғын үйлерге есептегіш құрылғылар түгел қойылды.

Мәселен, бір ғана Алматы ауда­нындағы 1035 көп пәтерлі тұрғын үйдің 1003-і бекітілген кестеге сай жылыту маусымына толық дайын. 252 үйге жалпытұрғынүйлік жылу есептегіш құрылғысы орнатылды. Аталмыш жұмыстар «Астана Теплотранзит» АҚ және «Астана Су Арнасы» МҚК инвестициялық бағдарламасы аясында жүзеге асты.

Әлеуметтік нысандарға келетін болсақ, елордадағы 71 мектеп ал­дағы жылыту маусымына сақадай-сай. Мектепке дейінгі білім беру мекемелері мен денсаулық сақтау нысандары да толығымен дайын деуге негіз бар.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың жылыту маусымында ыстық және суық су, жылу беру, электр қуатымен қамту бойынша барлық техникалық талаптар ойдағыдай орындалған болатын. Жылыту мау­сымы кезінде қаладағы қуат көздерінен шамамен екі миллион тонна немесе 28 943 вагон көмір, 20 327 тонна немесе 376 цистерна мазут жұмсалған. Сонымен бірге, 1 426 млн.кВт электр қуаты мен 4328 мың Гкал жылу энергиясы өндірілген еді.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button