Мәдениет

Мәмбетов мерейтойы аясында

22-30 қазан аралығында Астана қаласы әкімдігінің ұйымдас­тыруымен Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры Халық қаһарманы, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері, көрнекті театр және кино режиссері Әзірбайжан Мәмбетовтің 90 жылдық мерейтойына арналған «TЕАТРALL» II-Халықаралық театр фестивалі өтеді.

Аталған шараға елімізден және көршілес мемлекеттерден  Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік  академиялық қазақ музыкалық драма театры, Шығыс Қазақстан облысы Абай атындағы Семей мемлекеттік қазақ музыкалық драма театры, «Алатау» дәстүрлі өнер театры, Астана қаласының «Жастар» театры, Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры, Өзбек­стан Республикасының Джизак музыкалық театры сынды 14 өнер ұжымы қатысып, өнер көрсетпек.

Баян АСЫЛБЕКОВА

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button