Қала мен Сала

Бюджеттен қосымша қаржы бөлінеді

Нұр-Сұлтан қаласы Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасына нөсер кәріздерін салуға, коммуналдық техниканы сатып алуға, келе жатқан 25 қазан – Республика күні және желтоқсан айындағы мерекелерге қаланы абаттандыруға, безендіруге аудандардың әкімдіктеріне елорданың 2022-2024 жылдарға арналған бюджетінен қосымша қаржы бөлу қажеттілігі туындады. Шаһардың Қоғамдық кеңесінің отырысында бұл туралы қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараев баяндады.

 – Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасына қарайтын Elorda Eco System компаниясына қосымша 1 миллиард 200 миллион теңге және 10 бірлік техниканы сатып алуға 800 миллион теңге бөлу жоспарланып отыр. Жазда жаңбыр көп жауғандықтан бірқатар проб­лемалар туындады. Соны шешу үшін қосымша қаржы бөлінбек, – деді Қайсар Маңқараев.

Оның айтуынша, қалалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасына қаланың «жасыл белдеуіндегі» тиісті жұмыстарға 133 млн теңге қарастырылып отыр. Бұл қаржы негізінен ағаштарды отырғызуға жұмсалмақ.

– Осыны есептегенде қаланың 2022 жылғы бюджеті 889 ­милли­ард 86 миллион теңгені құрайтын болады. Жылдың аяғында бюджетті төртінші нақтылаумен әлі өздеріңізге келеміз. Желтоқсан айында келесі жылдың бюджеті жобасын таныстырамыз, – деді басқарма басшысы.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button