Елорда тынысы

«Бәйтерек»

Астананың ажарын ашып, көркін асырып тұрған ғажайып құрылыстың бірі – «Бәйтерек» монументі.

Елорданың бас жоспары аясында Елбасының идеясымен салынған нысанның сызба-жобасын әлемдік сәулет өнерінің шеберлері жасап, Ресей академиясының сәулетшілері, белгілі жапон сәулетшісі Кисе Курокава және «Ақорда» қазақстандық жобалау-құрылыс компаниясы орнатты.

Бұл Өмір ағашы Әлемнің сипаты іспетті: жерасты әлемі «Бәйтеректің» тамыры, жерүсті әлемі – сабағы, ал аспан әлемі – ағаштың ұшар басы. Диаметрі 22 метр болатын үлкен шыны шар бақыт құсы Самұрық ағаш басына жыл сайын салатын алтын жұмыртқаны аңғартады. Монументтің биіктігінің де өзіндік мәні бар.

Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы – 70 т, ал алтын шардың үстіңгі ауданы – 1553 м. Осынау ғаламат шардың панорамалық залынан Астананың кешегі және бүгінгі сәулеті – «ескі» және «жаңа» көрінісін тамашалауға болады. Алтын шар мен ғимараттың негізгі кіреберісі бір-бірімен «оқпан» деп аталатын салмағы 695 т металл құралыммен байланысып жалғасқан. «Бәйтерек» кешенінде келушілердің демалып, асықпай отырып төңірегін көруге мүмкіндік беретін дәмханасы да бар.

2017 жылы күрделі жөндеуден соң «Бәйтеректің» келбеті заманға сай өзгерді. Аппақ мәрмәрдан жасалған еден, алтын түстес баспалдақтар, ішкі безендірулер керемет үйлесім тапты.

Тағы бір жаңашылдық – Led экраны бар өнер галереясы. Монументтің фойесіне габаритті иілген алып экраннан еліміз туралы мәліметтермен танысуға болады.

Әлемде алғаш рет диаметрі 22 метрлік, салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа ие болды.

 Төлеген АБДРАСИЛОВ,

Л.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық
университетінің
2-курс студенті

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button