Елорда тынысы

Еуроодақтың жүлдесін алды

Еуропалық Одақ елордалық №59 мектеп-лицейін Астанадағы энергия тиімділігі жоғары мектеп ретінде марапаттады. Іріктеу қаланың 100 оқу орны арасында өтті.

Салтанатты рәсім «Орталық Азиядағы тұрақты энергетикалық байланыстар» жобасы (SECCA) аясында әрі Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Тұрақты энергия күндері қарсаңында Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылды. Жиынға Еуропалық Одақ пен оған мүше елдер елшілігінің өкілдері, Астана қаласы әкімдігі мен білім басқармасының өкілдері, ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар қатысты.

Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускас Астана қаласы әкімдігінің отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Байсадықов «Энергия тиімділігі жоғары мектеп» номинациясы бойынша диплом мен арнайы жүлдені мектеп директорына табыстап, оқушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруда, әрі мемлекеттің «жасыл» экономика жолында қосар үлесі барын айтты.

SECCA жобасының байқауында аталмыш мектепің «Жарқын болашақ үшін тұрақты энергия» тақырыбындағы суреті бірінші орын алған еді. Бұл сурет мектеп қабырғасына мурал ретінде салынады. Сондай-ақ Еуропалық Одақтың елшілері тұрақты энергетика тақырыптарын ілгерілету бойынша еуропалық тәжірибемен танысу үшін мектеп өкілін 2023 жылдың күзіне алдын ала жоспарланған Брюссельде өтетін оқу сапарына шақырды.

Марапаттау рәсімінен кейін мектеп оқушылары «Көміртегі шығарындыларын азайтайық, жерді құтқарамыз!» атты электросамокаттармен флешмоб өткізді. Оның мақсаты – көліктің ауаның ластануына әкелетін газдар шығарындыларының көп мөлшерін шығаратындығына қоғамның назарын аудару.

Тағыда

Индира Бержанова

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button