Елорда тынысы

Астана жоспарды асыра орындады

Елімізде 130 мыңнан астам отбасы өткен жылы баспанаға қол жеткізген.

Премьер-министр Мемлекет басшысы 2029 жылға дейін 111 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй салу туралы міндет қойғанын атап өтті. «Өткен жылы 130 мыңнан астам отбасы баспана жағдайын жақсарта алды. Бұл ретте, жоспар асыра орындалған өңірлердің ішінде Астана, Алматы қалаларын және Алматы облысын атап өтуге болады. Өз кезегінде, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында жоспар орындалмай қалды» деді Әлихан Смайылов.

Ә.Смайылов халық тарапынан құрылыс жұмыстарының сапасына, олардың бей-берекет салынуына, уақытылы іске қосылмауына қатыс­ты шағым өте көп екенін айтты. Үкімет басшысы тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымды іске қосу бойынша осы жылға арналған барлық жоспарлардың толық және уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді және 1 қыркүйекке дейін кезекте тұрғандардың тізімін белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан өзектендіруді тапсырды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button