Басты ақпаратҚала мен Сала

Жазда су қысымы қалпына келеді

Бас қалада жазда су қысымы қалпына келеді. Бұл ­туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі ­парақшасында жазды.

«Өздеріңіз білетіндей, бірер айдан бері «Астана су арнасы» су қысымын төмендетуге мәжбүр болды. Кейбір тұрғын үй кешендерінде сорғыларына байланысты қиындық туындады. Мамандар арнайы барып, басқарушы компанияларға жүйелерді жөндеу ісіне көмектесті. Маусым айынан бастап біз жаңа №3 су сорғыш-сүзгіш станцияны пайдалануға беруді бастаймыз. Алдымен іске қосу және жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Су жүретін жүйені тексеріп, содан кейін тұтынушыларға күн сайын 35 мың текше метр су береміз. Тамыз айында күніне 105 мың текше метр көлемде су жүретін жүйені іске қосуды жоспарлап отыр­мыз» деді қала басшысы.

Жеңіс Қасымбек бұл №3 су ­сорғыш-сүзгіш станцияны іске қосу қаладағы сумен жабдықтау мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік беретінін айтты. Сондай-ақ әкім құрылыс жұмысы жүріп жатқан аудандардың барын да тілге тиек етті.

«Алдымызда жылыту маусымының мәселесі де бар. Қала өсіп келеді, тұрғын үй, әлеуметтік және өзге де нысандар саны артып келеді. Оның бәрін жылыту керек. Қаламызда жылыту маусымы орта есеппен алғанда 7-8 айға созылады. Мұның бәрі тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің нысандарына үлкен күш түсіреді» деді ол.

Әкім жылу беруді толықтай қамтамасыз ету үшін бүгінге дейін екі газбен жылыту станциясының («Тұран», «Оңтүстік-шығыс») құрылысы басталғанын айтты.

«Сондай-ақ №3 жылу-электр орталығының құрылысы да жүріп жатыр. Ол құрылысы ұзаққа созылған нысанға айналды. Осы нысандардың құрылысын аяқтап, 2023-2024 жылыту маусымына олардың қуатын ескере отырып, іске қосуды міндеттедім. Мердігерлер жауапкершілікті толықтай сезіне білуі керек» деді Жеңіс Қасымбек.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button