Мәдениет

Рахманинов романстары

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының классикалық вокал бөлімі әйгілі композитор Сергей Рахманинов­тің 150 жылдығына орай «Бұл жер тамаша» концертін өткізді.

Концерт бағдарламасы Рахманиновтің мол мұрасында ерекше орын алатын камералық-вокалдық шығармаларына негізделген. Ал концертке композитордың танымал романсының атауы берілген. Аталмыш шығарма 1902 жылы ақын Галина Галинаның өлеңіне жазылған. Жалпы Сергей Рахманинов­тің шығармашылық мұрасы сексеннен астам романсты қамтиды. Соның ішінде көрер­мендерге «Сұлуым, менің көзімше ән салмашы», «Кішкентай арал», «Олар жауап берді», «Іңір», «Бөрте­гүл», «Көктемгі сулар», т. б. туындылар ұсынды.

Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Жылтыркөзов және Бибігүл Жанұзақ қатысты. Фортепиано партиясын мәдениет саласының үздігі Роза Шотқалиева орындады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button