Шаһар шежіресі

Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын…

Ұстаз бен шәкірттерінің жылы жүздесуі. Әрі бірден көзге түсетіні – мұғалім мен оқушының бір-біріне деген алғаусыз құрметі.

Бұл сурет 1960 жылы түсіріліпті. Яғни, сол кездегі мына жеткіншектер қазір салиқалы жасқа жеткен зейнеткерлер болса керек.

Ал суреттегі жүзінен нұры төгіліп, өзін мерекемен құттықтап, гүл сыйлай келген балғын шәкірттеріне ыстық ықыласын танытып тұрған жан – қаладағы сол кездегі С.М.Киров атындағы №1 мектептің мұғалімі Фаина Евгеньевна Братцель.

Байырғы қала тұрғындарының айтуынша, Фаина Евгеньевна – бар саналы ғұмырын жас ұрпаққа білім беруге арнаған адам. Ол жұмыс істеген №1 гимназия мектебі қаладағы ең алдыңғы қатарлы білім ұясы еді. Ал оқушылар мектепте арнаулы гимназия киім үлгісімен жүретін болған. Оны біз осы суреттен де анық көріп тұрмыз.

Суретте Фаина Евгеньевна ­Братцель шәкірттері ортасында.

Сурет ҚР Кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінен алынды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button