Басты ақпарат

БҰЛ ЖЕҢIСТIҢ ЖӨНІ БӨЛЕК

 Алматыда бокстан биылғы әлем чемпионаты өткен сенбіде мәресіне жетті! Байрақты бәсекеде қоржынымыз төрт алтын, екі күміс, екі қоламен толығып, жалпы командалық есепте бірінші орынды қанжығаладық. Шаршы алаңдағы тартысты жарыстың ақтық сынын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та тамашалады. Жексенбінің кешінде астаналықтар әуежайдан әлем чемпиондарын салтанатпен қарсы алды.

Біздегі бірінші әлем біріншілігі
Биылғы әлем біріншілігінде алдымызға қара түспеді, оза шаптық. Мақтана айтарлығы, бұл жолғы жеңістің дәмі бұрынғыдан өзгерек, төрт алтын (!), екі күміс, екі қола – қанжығамызда! Енді осыған дейінгі бәсекелерде боксшыларымыз екі алтыннан артық алып көрмегенін есіңізге алып, жеңісті салмақтай беріңіз.
Спорттың тарихына көз жүгіртсек, қазақ боксшылары алтыннан да ардақты Баркер кубогын үш мәрте иеленіпті. Ал шаршы алаңда «алдына келгенін тістеп, артынан келгенін тебетін», жұрт қара қабыланға балап, жер-көкке сыйғызбай мақтайтын кубалықтар мұндай жетістікті бағындырмаған әлі. Осылай деп ауыз көпіртсек те, қазақ топырағында бұған дейін бокстан бірде-бір әлем біріншілігі өтпеген екен. Міне, Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында тұңғыш рет байрақ көтерді.

Ең үздік – Елеусінов
Қанжығамыз қалың майланды дедік. Алайда бұған аз тер төгілген жоқ. Боксшыларымыз әлемнің 116 елінен келген алты жүзге жуық былғары қолғап шеберімен он күн бойы арпалысты, «әлем чемпионы» деген атаққа таласты. Биылғы чемпионаттың тағы бір есте қалғаны, боксшылар шаршы алаңға жалаң бас шықты.
Хош, әлем чемпионаты барысындағы AIBA халықаралық ассоциациясының жекелеген марапаттарына назар аударсақ, ұйым сарапшылары 2013 жылдың «ең үздік жаттықтырушысы» деп Мырзағали Айтжановты атаса, «ең үздік боксшы» атағын Данияр Елеусіновке таңыпты. Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Данияр – алтын алған төртеудің бірі. Ол 69 келі салмақ дәрежесінде кубалық Ариснойдис Диспейнмен қолғап түйістіріп, қарсыласын 3:0 есебімен оңдырмай қапы қалдырған. Қалған чемпиондарды да атап айтсақ, әлем біріншілігінің алғашқы алтын медалін Біржан Жақыпов (49 келі) салса, жеңісті жолды Мерей Ақшалов жалғады. 75 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, соңғы алтынды қоржынға салған – Жәнібек Әлімханұлы. Ол ақтық сында ирландиялық Джейсон Куиглимен жұдырықтасып, айқын басымдылықпен жеңген. Ал, қос күміс медальді ақтық сында кубалыққа есе жіберген Әділбек Ниязымбетов пен 91 келідегі Иван Дычко иеленді. Біріншіліктің қола жүлдегерлері – Қайрат Ерәлиев (56 келі) пен Берік Әбдірахманов (60 келі).
Байқап отырғанымыздай, алтын медаль тағынған спортшылар – кілең қазақ жігіттері.

Келесі дода – ДОХАДА
Сөз басында қазақстандық былғары қолғап шеберлері жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленгенін айттық. Бұл да біздің тұңғыш жетістігіміз. Командалық саралауда кубалықтар екінші тұғырға қонды, ал Әзербайжанның күрзі жұдырықты жігіттері үшінші сатыдан көрінді.
Бұған дейінгі шаршы алаңдағы тайталастарда жолы болып жүрген Ресей, Қытай және 2011 жылы Бакуде өткен әлем чемпионатында бірінші орынға қол жеткізген Украина мемлекеттерінің спортшылары бұл жолы тізімнің соңына сырғыды. Тіпті бұл бәсекеде украиндар бір ғана қола медальмен қайтты. Соңғы жылдары Олимпиада ойындарында қазақ құрамасының қарсыластарына айналған Үндістан мен Қытай боксшылары жүлдеден құралақан. Азуы алты қарыс Ресей боксшылары 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен тізімнің төртінші қатарынан көрінді. Бір айта кетерлігі, Коста Рика елі спорт тарихына бокстан тұңғыш рет әлемдік доданың жүлдесін иеленгенін жазды.
Қазақ құрамасы қоржынындағы әлемдік сындағы медальдарының саны 32 болды. Оның оны – алтын, сегізі – күміс, он төрті – қола. Бұл есепте Куба, Ресей, КСРО, АҚШ елдерінен кейін бесінші орындамыз әзірге.
Бокстан әлем біріншілігі енді 2015 жылы Доха (Катар) қаласында туын желбіретпек.

Әлем чемпиондары Астанаға келді
Байрақты бәсекеде қазақтың былғары қолғап шеберлері бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткішке қол жеткізді дедік. Ел намысын абыроймен қорғаған нояндарымыз бұрнағы күні Астана әуежайына табан тіреді. Елорда жұртшылығы әлем чемпиондары – Данияр Елеусінов пен Мерей Ақшаловты құрмет-қошеметпен қарсы алды. 64 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қарсыластарын бет қаратпай сабаған Мерей батырды аз-кем әңгімеге тартқан едік. «Менің спорттық жолымдағы басты арманым – әлем чемпионы атану болатын… Көк байрағымыз көкке көтеріліп, Мемлекеттік әнұранымыз орындалғанда көзіме ыстық жас келді» дейді ол.
М.Ақшалов ақтық сында айқасқан Куба елінің боксшысы Ясниер Лопестің қуат-қарымы мықты болғанын мойындайды. «Ол – Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионатының күмісін қанжығасына байлаған тісқаққан спортшы. Жарыстың алдында дәл осы қарсыласымның жұдырықтасу әдіс-тәсілін, тактикасын жете зерттедім. Тіпті бәсекеге дайындық барысында күш сынасып та көрдік. Бағыма орай, менің асығым алшысынан түсті» деп ағынан жарылды боксшы.
Сүйіншілей айтатыны, Мерей шаршы алаңда айқасып жүргенде, жары жарық дүниеге қыз әкелген. «Дәл сол күні жартылай финалдың жолдамасы сарапқа салынып жатқан болатын. Тұла бойымды бір тылсым сезім билеп, жеңіске деген жігерімді еселеді. Бәлкім, Алла жарылқап, чемпион атанған шығармын» дейді чемпион.

Асхат РАЙҚҰЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button