Жаңалықтар

Астана қаласы қалалық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

2013 жылғы 27 қазанда өткен Астана қаласы қалалық мәслихатының депутатын сайлау қорытындылары туралы

2013 жылдың 27 қазанында Астана қаласы қалалық мәслихатының №12 сайлау округі бойынша шыққан депутаттың орнына депутаттыққа сайлау өтті. Дауыс беру 6 сайлау учаскесінде өтті.
Сайлаушылар тізіміне 15616 сайлаушы енгізілді, дауыс беруге 5492 сайлаушы қатысты немесе сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 35,16 пайызы қатысты. 2 сайлаушы дауыс беруге арналған орын-жайдан тыс орында дауыс берді.
Сайлау бюллетеньдеріне мәслихат депутаттығына 3 кандидат енгізілді. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 44, 111-баптарына сәйкес, округтік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде, қалалық сайлау комиссиясы Астана қаласының №12 сайлау округі бойынша мәслихат депутатын сайлаудың келесі нәтижелерін белгіледі:

 

 

Астана қаласы қалалық мәслихатының №12 сайлау округі бойынша депутаттыққа Сапар Қайратұлы Ахметов сайланды. Ол 1965 жылы туылған, қазақ, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, «Нұр Отан» ХДП мүшесі, Астана қаласында тұрады.

Қалалық сайлау комиссиясының төрағасы М.Әубәкіров

Қалалық сайлау  комиссиясының хатшысы В.Пытьева

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button